Аймақтар • 06 Қараша, 2020
«Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі Бас жоспардың тұжырымдамасы туралы» Елбасының Жарлығын іске асыру негізінде әзірленген жобаға сәйкес облыс орталығының бастапқы аумағы 19 627 гектардан шекарасына өзгерістер енгізу арқылы 22 370 гектарға дейін ұлғаяды.
Спорт • 06 Қараша, 2020
Шағын футболдан өткен дәстүрлі турнир
Нұр-Сұлтан қаласында «Namys» командасының жүлдесі үшін 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті.
Руханият • 06 Қараша, 2020
«Құлақтан кіріп, бойды алар» дейді ұлы Абай ән жайлы. Санаңда сілкініс тудырып, жан дүниеңді әлемтапырық күйге бөлейтін өнердің осы бір ерекше түрінің бар құдіреті тек әуенінде ғана ма? Музыканы жүрекке мың есе әсерлі етіп жеткізуде орындау шеберлігінің де алар орны орасан. Көңіл көзінен өткізіп, жүрек пернесі дөп табылып айтылған ән тыңдаушысының да санасында ұзақ уақыт сақталары сөзсіз. Осы орайда: «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!» дейтін ән дүлдүлі Біржан сал тілегінің астары да осы ойымызбен тоқайласса керек.
Қоғам • 06 Қараша, 2020
Кез келген ер азамат өмірде жар таңдауда қателеспегені жөн. Атам қазақ «үйлену оңай, үй болу қиын» деп бекер айтпаған. Үйлену дегеніміз – жар таңдау. Сондықтан жақсы жар тапсаңыз, талабыңыз оң болып, тілеуіңіз қабыл болғаны сол. Бабаларымыз: «Алғаның жақсы болса, Бұл дүниенің шырағы» дейтін сөзді тегін айтпаған.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Өзімізге әрдайым сын көзбен қарап үйренгеніміз жақсы-ау әрине, бірақ бұл ұстаным қанымыздағы қазақы қасиеттерді мансұқтау, ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолынан адасу, жалтақтау, жалбақтау сияқты сан соқтырар түрлі өкінішке қалдырмаса екен дейсің. Өйткені әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізге, тіліміз бен ділімізге, әдебіміз бен байырғы түр-тұрпатымызға тым селқостық танытып, ал өзгенікіне таңдай қағып, тамсана берудің соңы ешқашан жақсылыққа апарып тіремесі мәлім.