Қазақстан • 27 Қараша, 2018
Зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық күрес күніне орай акция басталды
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер» республикалық акциясы басталды. Нәзік жандылардың құқығын қорғайтын шара 10 желтоқсанға дейін жалғасады.
Аймақтар • 27 Қараша, 2018
Таразда аналогтық телехабар тарату толық тоқтатылды
Цифрлы эфирлік телехабар таратуға көшу жөніндегі жобаны іске асыру аясында 2018 жылдың 26 қарашасында Тараз қаласында Жамбыл облысында Аналогты теледидарды ажырату және ЦЭТТ-ті (цифрлы эфирлік телехабар тарату) қосу рәсімі өтті.
Петропавл ботаникалық бағындағы агава
Петропавл ботаникалық бағында агава өсімдігі 1912 жылдан бері өседі. Осында ет комбинаты құрылысын жүргізуге Санкт-Петербургтен арнайы жіберілген әскери инженер, полковник Ильхам Курапов көк гүлді екі агаваны өзімен бірге ала келіпті. Қазір мұнда екі мыңға жуық тропикалық, сутропикалық ағаштар мен өсімдіктерді кезіктіруге болады. Олардың арасында лала гүлді тұқымдас мексикалық, америкалық агаваның орны бөлек.
Аймақтар • 27 Қараша, 2018
Түркістандағы талпыныс пен сенім сыйлайтын орталық
Орталыққа кіргенде бірі балдаққа сүйенген, енді бірі қоларбаға таңылған жандарды көріп, алғашында аяныш сезімін бастан өткересіз. Әлден соң әрбірінің ынтасы мен табандылығы алғашқы пікіріңізді өзгерте бастайды. Тіршілігімен танысып, келушілермен әңгімелескеннен кейін қоғамнан бөлек, қоршаған ортадан алшақ бұйығы өмір сүріп келген, тағдырдың жазуымен мүгедек атанған жандардың осы орталықта мемлекеттің өзіне деген қамқорлығын сезінетінін, алға ұмтылатынын аңғарасыз. Өзінің ел қатарлы өмір сүруіне, құқын қорғап, өмірден өз орнын табуға болатындығына негізінен осы орталықта көз жеткізетінін білесіз.
Аймақтар • 27 Қараша, 2018
Шымкентте мұқтаж жандар үшін «IZGILIK» атты тегін дүкен ашылды
Қайырымдылықтың үлкен-кішісі болмайды. Анығында, шын көңілмен берілген бір жұтым су да, мұқтаж жанға ұсынған бір үзім нан да қамкөңілдің жанына ізгілік нұрын себе алса болғаны. Қоғам нарықтық заманда қатігезденіп кетті деп күстаналағанымен адамдар арасында жақсылық жасауға асығатын жандар аз емес. Сондай жекелеген азаматтардың игі бастамалары бір арнаға тоғысып, үлкен бастауларға айналып жатқаны қуантады.