Өнер • 01 Қараша, 2021
Ұлттық анимацияның халықаралық қадамы
Түркістанда халықаралық ÁMEN анимациялық фильмдер фестивалі өтті. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатында отандық және бауырлас түркі елдердің, атап айтқанда, Әзербайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан мен Түркияның білікті мультипликаторлары Орталық Азиядағы ең ірі анимациялық фестивальдың қызыл кілемімен жүріп өтті. Биыл байқауға барлығы 57 өтінім келіп түскен, оның 49-ы іріктеуден өтіп, әйгілі шетел аниматор-мультипликаторлары мен отандық білікті мамандардың бағасын алды.
Әдебиет • 01 Қараша, 2021
Нобель сыйлығы Алашқа қашан бұйырады?
Әр жылы Нобель сыйлығы берілер сәт таяған сайын «Қазақ жазушысы қашан Нобель сыйлығын алады?» деген ұлы сауал көкірегімізді тырнайды. Сосын, амалсыз келер күндерден үміт күтеміз. Нобель сыйлығы қазіргі әдебиеттің өлшемі бола алмайды деп мұрын шүйіруге тағы болмайды. Мысалы, жапон әдебиетін жарты әлемге танытқан осы Нобель сыйлығы еді.
Руханият • 01 Қараша, 2021
«Қайырлы болсын сіздерге, менен қалған мынау Еділ жұрт...» Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» деп басталатын осы толғауының тақырыбын «Қайран Еділ» екен деп ойлап келдік. Елдің жадында сақталып, осы заманға жеткен сөз – ХV ғасырда туған ең көне толғаулардың бірі. Әшейін толғау деуге келмейтін ұлы туынды десе жарасады. Ел айырылған алмағайып кезеңнің бейнесін кейіптеген шығарма жерін тастай көшкен жұрттың зарын да, заңғарлығын да аңғартады.
Әдебиет • 01 Қараша, 2021
Жамбылдың жауһар жырларының академиялық жинағы
Жамбыл – қазақ әдебиеті тарихындағы суырыпсалма ақындықтың, авторлық ауызша әдебиеттің көрнекті өкілі. Оның шығармашылық мұрасы – ғасырдан-ғасырға ұласқан жыраулық, жыршылық, ақындық дәстүрді саф алтындай таза күйінде жеткізген жауһар жәдігер. Ақындық, айтыскерлік, жыршылық өнерді ұлттық мәдениеттің биік өресі деп таныған қазақ қоғамы шығармашылық тұлғаны қашанда туралықтың, әділеттіліктің, адамгершіліктің символы ретінде ардақ тұтты.
Тарих • 01 Қараша, 2021
Көкірегімізде лықсыған шер көзімізден ыршып, тағдырлары талайлы тарихи тұлғаларымыз жадымызда қайта бір жаңғырды. Бабалар жүріп өткен ұлы жолдың сорабына жалқы сәт көз қадаған болмысымыз боямасыз тарихпен бетпе-бет келді. Ұлы мұраттары бір болғанымен таңдаған жолдары тарау-тарау тұлғаларымыздың қарама-қайшы тағдырларына жаңа бір биіктен үңілгендейміз.