Қоғам • 26 Қараша, 2023
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары АҚШ-та өткен «Yale Tournament of Champions-2023» жаһандық академиялық сайыстың жеңімпазы атанды.
Аймақтар • 26 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда мектепке дейінгі тәрбие жұмысына мән беріп, балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін толыққанды шешуді тапсырған еді. Бүгінде аталған тапсырма аясында Жетісуда жүйелі жұмыстар жүріп жатыр. Мәселен, жуырда облыс орталығында №6 балабақша іске қосылды. Артынша Сарқан ауданында мектеп ашылып, балдырғандар мәре-сәре болды.
Айбын • 26 Қараша, 2023
Қызметтік ит ұландықтарға іздеуде жүрген азаматты ұстауға көмектесті. Алматыда әскери жасақ басшысы, сержант Әлішер Сағымбеков пен патруль ефрейтор Дамир Марат Әуезов көшесіндегі №23 үйдің жанынан іздеуде жүрген адамға ұқсас біреуді байқап қалады.
Тұлға • 26 Қараша, 2023
Көгалдағы хоккейден жастар және ересектер арасында КСРО-ның 10 дүркін чемпионы, КСРО спартакиадасы мен кубогі және Еуропа чемпиондар кубогінің иегері, аталған спорт түрінен 1977 жылдан бастап, өзі спорттан қол үзген 1982 жылға дейін бес жыл КСРО құрамасының капитаны болған марқұм Саян Шаймерденов (1953-2002) тірі болса, мерейлі 70 жасқа толар еді.Бұл тұлғаны қазақ спортының жарық жұлдызы десек жарасады. Әттең, өмірден ерте озды. Абай атамыз айтқандай, «жарқ етті де, жоқ болды». Бірақ артына құйрықты жұлдыздай өшпес із тастап кетті. Оның ойын өрнегі мен шеберлігі жайлы атақты бапкер Эдуард Айрих 70-жылдардың аяғында «Ленинская смена» газетінің тілшісіне берген сұхбатында: «Саян дара туған талант, ғажайып хоккейші, ол алаңда болмаса, команданың ойыны қиыспайды. Шабуылдың бәрі сүреңсіз көрінеді. Ал Саян алаңға шықса, жұдырықтай допты өзіне магнитше тартады. Команданың орталық шабуылы осы жігітке сеніп тапсырылған...» депті.
Руханият • 26 Қараша, 2023
Әкем Ғабдыжаппар маған:– Балам, жақсы адаммен дос бол, – деп өсиет айтатын. Ол кез кеңестік заман, менің түсінігімде жақсы адам министр, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы немесе сол сияқты қасына бөгде жанды жолатпайтын өңшең ығай мен сығайлар.