Саясат • 05 Қараша, 2020
10 қаңтарда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді
2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.
Аймақтар • 05 Қараша, 2020
Солтүстік Қазақстандағы эпидемиялық ахуал тұрақсыз болып отыр. Жергілікті билік бұған дейін де бірқатар шектеу шараларын жүргізгенімен жағдай оңалмады. Облысқа Ресейден жиі келетін жолаушылардың жаман індетті әкелу үдерісі жалғасып отыр. Ол бүгінгі таңда барлық дертті адамдардың 40 пайызына жуығын қамтыған.
Руханият • 05 Қараша, 2020
Сәкеннің қолын алған алақаны...: Жазушы Жайық Бектұров туралы сыр-толғам
1986 жылдың сәуірі мен 1991 желтоқсаны аралығындағы бес жылдай уақытты тарихшыларымыз жылымық жылдар еншісіне жатқызып жүр. Бәлкім солай да шығар. 1986 жылғы сәуір пленумында КСРО-дай алып империя алғаш рет жариялылық пен ашық айту сияқты демократиялық ұстанымдар нышанын жалғанның жарығына әйгілеуі мұң екен тоталитарлық жүйенің тоңына иненің жасуындай сызаттар түсе бастады. Дәл осы жылы Жайық Кәгенұлы жетпістің төртеуіне келген еді.
Әлем • 05 Қараша, 2020
Қазан айының соңы мен қарашаның басында Еуропадағы бірқатар мемлекет жаңа карантин талаптарын таныстырып, төтенше жағдай жариялады. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, аймақтағы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн санап арта түскен, ауруханалар науқастарға қайта толған.
Әлем • 05 Қараша, 2020
Әлем назары осы апта АҚШ-тағы президент сайлауына ауды. Бұл алпауыт елді келесі төрт жыл кім басқаратынын білуге деген қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетсе керек. Өйткені бұл таңдаудың АҚШ-тың ахуалына ғана емес, халықаралық саясат, экономика және өзге де салалардың постпандемия кезеңіндегі даму бағытына әсер етпей қоймасы анық. Әзірге әлем жұрты тартысты доданың қалай өрбіп жатқанын жіті бақылап отыр.