Технология • 04 Қараша, 2020
Коронавирусты бірнеше секундта анықтайды
Ұлыбританияда бірнеше секунд ішінде коронавирусты анықтайтын тест жасалды. Жаңа тестті Лоуборо университетінің ғалымдары мен TOXY-triage жобасымен жұмыс істеген әлемнің түрлі елдеріндегі дәрігерлердің нәтижелеріне сүйене отырып дайындаған.
Әдебиет • 04 Қараша, 2020
Жеті қаламгерге стипендия тағайындалды
Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлесіп ұйымдастырған «Әдебиет. Рух. Қоғам» атты іс-шарасы Ақтөбе қаласында өткізіліп, оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет бастаған, еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған бірқатар қаламгер қатысты.
Аймақтар • 04 Қараша, 2020
Он саусағынан өнер тамған Евгения Шульц этнодизайн саласында өзінің идеяларын сәтті жүзеге асырып жүр. Қазіргі уақытта ол Қарағанды қаласындағы «Достық үйі» жанындағы «Шабыт» халық шығармашылығы орталығында еңбек етеді.
Өнер • 04 Қараша, 2020
Моңғолияда тұратын Сайлау Түкібайқызы Ұлан-батыр қаласына қарасты Налайх ауданында ұлттық өнерге үндейтін жеке музей ашты. Жарты ғасырдан бері қолөнерді жанына серік еткен шебер шәкірт тәрбиелеп, әлемдік көркем мәдениеттің негізіне айналған ұлттық өнерді жастарға аманаттамақ.
Қоғам • 04 Қараша, 2020
Күннен күнге қанатын кең жая түскен жаңа технологиялар негізінде әлемнің өзгеріп бара жатқанын көріп отырмыз. Ол жаңа технологияларды негізінен компаниялар мен корпорациялар енгізуде. Себебі қазіргі күні қаржының бәрі – солардың қолында. Олар бір-бірімен жанталасқан бәсекелестікке түсе отырып, жаңа идеялар мен соларды жүзеге асыратындай әдіс-тәсілдерді, ғылым жаңалықтарын іздестіреді. Содан кейін оны капиталдың күшімен көп қиналмастан бірден жүзеге асырады.