Өнер • 04 Қараша, 2020

Ұлттық өнерге үндейтін музей

264 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Моңғолияда тұратын Сайлау Түкібайқызы Ұлан-батыр қаласына қарасты Налайх ауданында ұлттық өнерге үндейтін жеке музей ашты. Жарты ғасырдан бері қолөнерді жанына серік еткен шебер шәкірт тәрбиелеп, әлемдік көркем мәдениеттің негізіне айналған ұлттық өнерді жастарға аманаттамақ.

Ұлттық өнерге үндейтін музей

Сайлау Түкібайқызы 1957 жылы 17 қазанда Баян-Өлгей аймағының Тұлба сұ­мынында он балалы отба­сының тұңғышы болып дү­ниеге келген. Ол он жасынан бастап анасынан тәрбие алып, тігін тігіп, шеберлік са­бағын санасына ерте сіңір­ген. Ал 17 жасында анасы өмірден өтіп, отбасының бар қиыншылығы әкесі екеуінің мойнына түсіпті. «Үйдің үл­кені болғандықтан көп жа­уапкершілік менің мойнымда болды. Өмірдің қызығын да шыжығын ерте көріп өстім, ерте есейдім. Артымнан ерген бауыр, сіңлілерімнің бәрін аяғынан тұрғызып, қа­тарға қосу оңай болған жоқ. Осы қиындықтардың бәрін еңсеруге анамның бойыма сіңірген қолөнері көп септік болды», дейді шебер әжей. Өзінің айтуынша, көзіміздің қарашығындай қастерлейтін қолөнердің біз кесте, қол кес­те, ою-өрнексіз тігу, тоқыма түр­лері, сырмақ ою секілді бар­­лық түрін меңгерген. Бү­гінге дейін 200-ден астам шәкірт тәрбиелеп, алды Қазақ­стан, Франция, Жапония сияқ­ты іргелі мемлекеттерде еңбек етіп жүрген көрінеді.

Он саусағынан өнер там­ған шебер халықаралық көр­мелерге және Моң­ғолия­дағы Қазақстан елшілігі тарапынан ұйымдастырылған мәдени іс-шаралардың көбіне белсене қатысып тұрады. «Бүгінге дейін республикалық, халық­аралық деңгейдегі 40-тан астам көрмеге қатыстым. Жүл­делі орындардан кө­рініп келемін, мемлекет тарапынан да көптеген марапат алдым. Қазақ десе бір бүйрегіміз бұрып тұрады ғой, Қазақстан тарапынан ұйымдастырылған мәдени іс-шаралардың да әрдайым басы-қасындамын. Өзіміз ашқан мұражайымыз бар, онда қазақ­тың барлық тұрмыс-тір­шілігін, салт-дәстүрін болмысын бейнелейтін қолөнер бұйымдары топтастырылған. Шетелдік саяхатшылар му­зейі­мізге жиі келіп тұрады. Бұйым­дарымызды қызығып сатып алып жатады. Әрине биылғы пандемияға байланыс­ты келушілер саны азайды. Алдағы арманым осы музейді кеңейтіп, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру», дейді ол.

Халқымыздың баға жетпес құнды өнері жайында қазақ және орыс тілдерінде «Шебердің шежіресі» атты кітабы да жарық көрген. Атал­ған еңбегі үшін Сайлау Тү­кібайқызы «Моңғолия елі­нің озат шебері» төсбел­гісімен марапатталыпты. Ұлттық құн­дылықтарды өркендету жолында ыжда­ғатты іс атқарып жүрген көнекөз шебер қайта түлеудің қайнар көзіндей нә­зік талғаммен жеткізіп қана қой­май, ұжымдық бастамаға айналдырып отыр.