Қазақстан • 26 Қараша, 2019
Мемлекеттік шекараны межелеу мен шегендеу заңнамалық тұрғыда реттеледі
Қазақстанда мемлекеттік шекараны межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету үдерісін заңнамалық реттеу жоспарланып отыр. Оның ішінде, картографиялық, геодезиялық, топографиялық, гидрографиялық және аэрофототүсірілім жұмыстарын жүргізу туралы айтылады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Қараша, 2019
АШМ: Ветеринарлық тексеріс ескертусіз жүргізіледі
Кеден органдары мен өңірлік әкімдіктер ветеринарлық-санитарлық бақылау-қадағалау функцияларының бір бөлігін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына қайтарады. Бұдан былай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау инспекторлары шаруашылық субъектілерін кенеттен тексеру жұмыстарын жүргізе алады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Қараша, 2019
Қала тұрғындары таңдаған 300-дан аса жоба жүзеге асады
Алматыда «Бюджетке қатысу» қалалық жобасы аясында осы жылдың тамыз айында абаттандыру бойынша тұрғындардың ұсыныстарына дауыс беру басталған болатын. Енді осы ұсыныстардың қорытындысы жарияланып отыр.
Аймақтар • 26 Қараша, 2019
Қарағандыда «Бір Отан. Бір Тағдыр. Бір Елбасы» атты көрме ашылды
Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Бір Отан. Бір Тағдыр. Бір Елбасы» атты көрме ашылды. Тәрбиелік мәні зор бұл мәдени шара аясында жұрт назарына тарихи тұрғыдағы құндылығы жылдан жылға артып келе жатқан жәдігерлер ұсынылған.
Аймақтар • 26 Қараша, 2019
Қостанайда қоқыс жәшігіне тастаған нәрестенің анасы әлі табылған жоқ
Осыдан бір апта бұрын «Әуежай» шағын жаңа тұрғын ауданындағы қоқыс жәшігінен кіндігі де байланбаған нәрестенің табылуы Қостанай жұртын шошытқан болатын.