Алматыда «Бюджетке қатысу» қалалық жобасы аясында осы жылдың тамыз айында абаттандыру бойынша тұрғындардың ұсыныстарына дауыс беру басталған болатын. Енді осы ұсыныстардың қорытындысы жарияланып отыр.

Қала тұрғындарының ұсыныстары budget.open-almaty.kz порталы арқылы қабылданған. 11-23 қараша аралығында өткен дауыс беру кезінде қала тұрғындары үздік ұсыныстарды өздері анықтады. Дауыс беру budget.open-almaty.kz порталында ЭЦҚ немесе ЖСН (SMS-код) пайдалану арқылы онлайн, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен Open Almaty фронт-офисінде (Абай даңғылы, 90) жазбаша дауыс беру түрінде өткізілді.
Порталға тұрғындардан 795 жобалық ұсыныс түсіп, оның 448-і дауысқа салынған. Нәтижесінде 28 576 алматылық дауыс берсе, оның 27 476-сы онлайн, 1113-і жазбаша түрде берілген. Осылайша, «Бюджетке қатысу» аясында 2021 жылы 343 жоба іске асатын болады (Алмалы ауданы - 73, Наурызбай ауданы – 61, Түрксіб ауданы – 54, Бостандық ауданы – 49, Медеу ауданы – 34, Алатау ауданы – 31, Әуезов ауданы – 22, Жетісу ауданы – 19).
Қала тұрғындарының ең көп дауыс жинаған жобалары қатарында: Бостандық ауданында №3 оқушылар үйінің аумағын абаттандыру (458), Алатау ауданында «Атлеттер қалашығы» ТК аумағын абаттандыру (424), Алмалы ауданында Шевченко көшесі, 167 мекенжайындағы ауланы жаңарту және көгалдандыру (387), Медеу ауданында №168 мектепке өту үшін Әбілғазы өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі мен пандусы бар баспалдақ салу (349), Түрксіб ауданында «Қазақстан жастарына патриоттық тәлім беру» тақырыбына мурал салу (325), Әуезов ауданындағы «Мамыр-1» ықшамауданында балалар ойын алаңын күрделі жөндеу (147), Наурызбай ауданындағы Тастыбұлақ ықшамауданында жол бойында жабық арық жүйесін орнату (132), Жетісу ауданындағы Көкжиек ықшамауданында Жекпе-жек орталығын ашу (112) бар.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері тұрғындардың дауысын санап, бастамаларға өз бағасын берді. Қоғамдық кеңес мүшесі Мұрат Әбдішүкіровтің айтуынша, «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша қағаз түрінде дауыс беру нәтижесін санауға бір күн кетті. Бұл тұрғындар өз ауданын абаттандыру үшін дауыс беруге белсенді қатысқандығын білдіреді. Осы орайда тұрғындардың пікірін ескере отырып, қаланы дамыту үшін «Бюджетке қатысуды» тұрақты түрде өткізу керек. Тәжірибе көрсеткендей, қала тұрғындарының белсенділігі мен жобаға деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді.
Алматы қаласы Бостандық ауданы мүгедектер қоғамының басқарма төрағасы Ұлан Іңкәрбеков тұрғындардың белсенділігі артқанын атап өтіп, әр ауданда орта есеппен 100 жобадан ұсынылғанын жеткізді. Соның ішінде дауыс беруге қала тұрғындарына қажет және ең маңызды жобалар жіберілді.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің сарапшысы Дмитрий Васильевтің пікірінше, «Бюджетке қатысудың» категорияларын көбейтіп, абаттандырудан бөлек, әлеуметтік нысандарды, демалыс орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Алматы қаласының әкімдігі 2019 жылы «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасын жүзеге асырған болатын. Бұл жобаларға қаланың 8 ауданына жергілікті бюджеттен 500 млн теңгеден бөлінген. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 6,4 млрд теңгеге дейін өсіп (2019 жылы 4 млрд теңге), әр ауданға шаққанда 800 млн теңгеден келеді. Қалаға қосылған аумақтарды дамыту мақсатында «Бюджетке қатысу» аясында Наурызбай және Алатау аудандарына 500 млн теңгеден бөлу қарастырылған. Осылайша, аталған екі ауданның әрқайсысына 1,3 млрд теңгеден бөлінетін болады.
АЛМАТЫ
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тұрғын үй нарығын белгісіздік күтіп тұр
Қазақстан • Кеше
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Кеше
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Кеше
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Кеше
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар