Ауа райы • 26 Қараша, 2021
Қар, тұман, күшті жел - жұма күнгі ауа райы
26 қарашада атмосфералық ағындардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 26 Қараша, 2021
Экология – азаматтық қоғам назарында
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев X Азаматтық форум аясында үкіметтік емес ұйымдар және азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, қоршаған ортаны қорғау, геология, су ресурстары, орман шаруашылығы және жануарлар әлемінің өзекті мәселелерін талқылады.
Аймақтар • 26 Қараша, 2021
Қоқыс өңдеу зауытының құрылысы қарқынды
Күнделікті тұрмыста пайдаланатын полиэтилен пакет, пластмасс бөтелкелердің табиғатқа төндіріп тұрған зиянын білеміз. Біле тұра шашамыз. Қоқыс контейнерлеріне түскен полиэтилен қалдықтар да полигонда жайрап жатады. Ұйытқыған желмен қала аспанында қалықтап жүретінін де көзіміз шалған. Бұдан былай бұл көріністен біржола арылатын шығармыз. Олай дейтініміз, Өскеменде қоқыс сұрыптайтын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Зауыт іске қосылғаннан кейін тұрмыстық қалдықтардың 30 пайызы қайта өңдеуге жөнелтіліп отырады.
Қазақстан • 26 Қараша, 2021
Кез келген ұлтты қалыптастыратын орта – оның ұлттық білім ордасы. Сондықтан қазақ мектебінің тағдыры – ел тағдыры. Ұлтымыздың болашағын ойлаған алаштың ардақтылары мұны әрқашан ескеріп отырған. Қазақ халқының ұлы перзенті Мұстафа Шоқай «Ұлттың мәдениеттен жұрдай рухпен тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жақтайтын пайдалы азамат шықпайды» деп, ұлт болашағын ұлттық білім беру ордасында, ұлттық рухта тәрбиелеу керектігін баса айтқан.
Елорда • 26 Қараша, 2021
Мектепке Смағұл Сәдуақасұлы есімі берілді
Мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының есімі жас ұрпақтың жадында қайта жаңғырғандай. Еліміздің бас газетін «Еңбекшіл қазақ» болып тұрған тұста басқарған тұлғаның аты елордадағы №78 мектеп-гимназиясына берілді. Мектеп ұжымы бұл үшін біраз кедергіден өтіп, тер төккен көрінеді.