Руханият • 02 Қараша, 2020
Қажымұқанның фотолары қалай табылды?
Алдағы жылы күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толады. Қазақ тарихында орны зор тұлға жайлы әлі зерттелмей жатқан дүние көп. Атап айтқанда, балуан атамыз қатысқан ресми чемпионаттар мен ресейлік және шетелдегі цирк алаңдарында көрсеткен өнері жайлы тек аузыекі әңгіме немесе шынайылықтан алшақ әдеби нұсқадағы көркем деректерді малданып жүрміз.
Оқиға • 02 Қараша, 2020
Қыс маусымы түсіп, үйге от жағу жұмыстары басталғаннан бері Солтүстік Қазақстанның өрт сөндірушілері алаңдаушылық білдіруде. Өйткені от жағатын жекеменшік үйлердің кейбірі от қауіпсіздігін сақтамайды. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамил Камалов журналистермен кездесті.
Оқиға • 02 Қараша, 2020
Әкелерді ұлықтауға арналған жиын
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Бүгінгі күннің әкелері» тақырыбына V республикалық әкелер форумы офлайн және онлайн форматта өтті.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Көзі ұшына ілінер қара табылмайтын Қиманың жалпақ даласы үнсіз мүлгіп тұрған. Зират басы құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Әншейінде көмейінен күй төгіліп, бір тынбайтын бозторғайлар да күңірене оқылған құран сүресіне қорғасындай балқып, елжірей елітіп, беріле тыңдап тұрғандай үнсіз қалыпты. Әке зиратынан бір шөкім топырақты айыр мен күректің сабынан сүйелдене, мүйіздей болып қатқан алақанына салып уқалады. Сол сәтте бойына бір жылы ағыс келіп құйылғандай болды. Қазақ топырағы ғой, шіркін деп іштей толғанған. Алыстан арып-ашып келгенде аман алып қалған да, асырап-жеткізген де осы топырақ. Енді міне, бірінің атасы, бірінің әкесі жатыр. Атасы Хатоға топырақ осы жерден бұйырған.
Руханият • 02 Қараша, 2020
Тарихи атауларды анықтауға арналды
Ақмола облысында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты облыстық онлайн (ZOOM платформасында) байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстың ішкі саясат департаментіне сілтеме жасап.