Аймақтар • 26 Қараша, 2019
Анаға құрмет – перзенттік парыз
Түлкібас ауданы орталығындағы «Тұңғыш Президент» саябағының алдынан демеушілер есебінен бой көтерген «Ана мен бала» монументі ашылды.
Қоғам • 26 Қараша, 2019
Мектептердегі тегін тамақтандыру мәселесі шешілмек
Мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыру бағытындағы кешенді міндеттерді жүзеге асыруда Алматы қаласының білім беру мекемелеріне де зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Осы орайда саламатты ұрпақ тәрбиелеудегі басымдықтарға сала мамандары тұрақты көңіл бөліп келеді.
Қоғам • 26 Қараша, 2019
«Әлеуметтік қызмет» порталының әлеуеті қандай?
Бүгінде елімізде 690 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам бар. Ал оның 90 мыңнан астамы бесіктен белі шықпаған сәбилер, балалар мен жасөспірімдер. Жыл сайын олардың қатарына жол апатынан, өндірісте, спортта жарымжан болып қалған 2 мыңдай адам қосылып отырады. Осыншама тағдырды керек-жарағымен қамтып, мұқтаждығын өтеп, мәселесін шешу үшін алдағы 2020 жылы әлеуметтік қызмет көрсету порталы іске кіріседі. Ендігі жерде «Әлеуметтік қызмет» порталының әлеуетін ерекше күтімді қажет ететін жандар өз таңдауымен толық пайдалана ала ма?
Медицина • 26 Қараша, 2019
Парламентте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобалары қаралуда. Жұмыс тобында депутат Бекболат Тілеухан мен Иван Клименконың осы заңдағы екпе мәселесіне байланысты ой-пікірлері айтылған видео жазба әлеуметтік желілерді шарлап үлгерді. «Мен вакцинаға қарсы емеспін. Бірақ оны міндеттеуге қарсымын. Мен де баламның ауру болғанын, ауру таратқыш болғанын қаламаймын. Сондықтан вакцина еккіземін. Бірақ «быт-шыт» вакцинаны еккізіп, көз алдымда мүгедек қылатын жағдайға жол бергізбеймін» деген Бекболат Тілеуханның заң жобасының қай тұсына қарсы екенін білуге тырыстық.
Тарих • 26 Қараша, 2019
Бауырлас қала Түркістан мен Самарқан (Самарқан жұртына ізгілік хат)
Кеңестік дәуірден қалған «города-побратимы» ұғымы – Тұманды Альбион, Франция, Италия елдерінде «егіз қалалар», Құрама Штаттар мен Оңтүстік Азия елдерінде «апалы-сіңлілі қалалар» ұғымына сайса, Германия, Польша, Чехия үшін «серіктестер» сөзі оң жамбасқа келеді екен. Сырдың арғы жағында судан шыққан сұлудай – Самарқан, бергі жағасында түркінің жауһары, қазақтың гауһары – Түркістан жатыр. Тонның ішкі бауындай ежелден тату жұрт. Тек түпкі ниеттің тарихи тағдырластықтан, мәдени тамырластықтан, достық ықыластан туғанын ұғыну ләзім.