Қазақстан • 22 Қараша, 2017
Мұғалім пайымы: Жас маман неге жол таппай жүр?
Алты Алаштың айбыны Абылай ханның алыса арбасып алып қалған ұлы даласының мұрагеріне «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік» деген аманаты бар.
Әдебиет • 22 Қараша, 2017
Отбасының ұйытқысы – ұлттық үлгі
«Жақсының аты өлмейді» дейді Бұқар жырау. Сол жақсы қайдан шығады? Киелі отбасынан, иесі бар, дәстүр жүйесі бар, ұлы әкесіне қарап, қызы шешесіне қарап өскен, ел-жұрты іргелі, үлкені үлгі, кішісінің кісілігі бар жұрттан шығады. Ондай жұрт ұл мен қызын, «Үлкеннің алдында иіліп сөйле, кішінің алдында сызылып сөйле, иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді, сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді» (Бөлтірік шешен) деп тәрбиелеген. Мұның бәрі бабалар өсиеті еді. Қазақ отбасы деген сөзді – бұрынғы дөңгеленген қараша үйіндегі дөңгелек ошақтың отынан алып отыр. Отын жағып, отбасын ұстай алмаған ер мен әйелді от та жақтырмайтын көрінеді. Шамданса сөніп қалады екен. Жер-Ана, От-Ана деуі де содан болса керек. Отын жағып, отбасын ұстай алмағанды тезге салып тексеріп, бері тартқанда кері кетсе, жазасын беріп, телі мен тентектің қатарында қалыпқа салған. Мұхтар Әуезовтің «Отан – отбасынан басталады» деуі де содан болса керек.
Аймақтар • 22 Қараша, 2017
Ерлікпен қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың есімі мектепке берілді
Небәрі 25 жасында ерлік көрсетіп, бейбіт күннің батыры атанған азаматтың бірі – Қызылорда облысы Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің бұрынғы учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Талғат Қозыбаев. Ол жөнінде қысқа метражды деректі фильм түсірілді. Ол ерлікпен қаза тапқан соң, ел Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі жауынгерлік «Айбын» орденімен марапатталды. Бүгінде оның атында елді мекен мен көше бар.
Қазақстан • 22 Қараша, 2017
«Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі» жобасының ерекшелігі қандай?
Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылды. Енді алдағы уақытта да осы қарқынды төмендетпей әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына ену міндеті тұр. Бұл, әрине, мемлекет алдына қойып отырған асқаралы міндет екені анық. Сондықтан ол жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді.
Қазақстан • 22 Қараша, 2017
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша өңірлік жобалар қолға алынуда
Қазақстан – ауылшаруашылық әлеуеті зор ел. Ішкі нарықты қажетті азық-түлік түрлерімен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етумен қатар, шетелге шығарудың да мүмкіндіктері мол. Жеріміз құнарлы, мал, астық өсіруге қолайлы. Жайылым-шабындық жеткілікті. Бірақ әлі де экспортқа қарағанда импорт үлесінің басымдығы табиғат берген ен байлықты тиімді пайдалана алмай отырғанымызды көрсетеді.