Футбол • 24 Қараша, 2023
Еуро-2024: Екі ойын да сырт алаңда өтеді
Кеше ғана Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі өтті. Оның қорытындысы бойынша Еуро-2024 плей-офф кезеңінің финалдық ойындарын Қазақстан құрамасы сырт алаңда өткізеді, деп хабарлайы Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2023
«Су мәселесі алаңдатады»: Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазірдің өзінде еліміздегі 600 мың азамат таза ауыз суға зәру. Тұтас ғаламшар үшін ғаламдық мәселеге айналған су тапшылығы салдарының алдын алу үшін, әр азамат суды үнемдеуге салмақты қарау керек. Дамыған елдерде дәстүрлі үрдіске айналған суды үнемдеу ісіне халық та үн қосуы тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыз сусыз ауылдардың санын азайтып, ауыл шаруашылығы бағытында қолданылатын судың мөлшерін жіті зерттеп, өзен-көлдерді әр адам өз меншігіндей қорғауды жиі тілге тиек етеді. Маңызды мәселені Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан да тыс қалдырмады. Сайлауалды бағдарлама сараптап ұсынған су жайы 1 жылдан кейін қалай шешімін тапты? Саралап көрейік.
Спорт • 24 Қараша, 2023
Ауыр атлетикадан ӘЧ: Айсамал Сансызбаева күміс жүлдеге ие болды
Гвадалахара қаласында (Мексика) өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қараша, 2023
Қазақстан мен Қытай арасында әуе рейстері көбейеді
Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тимур Тлегенов Қазақстан Республикасына тұрақты қатынайтын Air China, China Southern Airlines және Loong Airlines қытайлық әуе компанияларының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Қараша, 2023
Әсем Орынбай – әлем кубогінің жеңімпазы
Қатардың Доха қаласында нысана көздеуден әлем кубогі басталды. Жерлесіміз Әсем Орынбай стенд атудың скит бағдарламасының финалдық сайысында 51 ұпай жинап жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.