Футбол • 24 Қараша, 2023

Еуро-2024: Екі ойын да сырт алаңда өтеді

622 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше ғана Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі өтті. Оның қорытындысы бойынша Еуро-2024 плей-офф кезеңінің финалдық ойындарын Қазақстан құрамасы сырт алаңда өткізеді, деп хабарлайы Egemen.kz.  

Еуро-2024: Екі ойын да сырт алаңда өтеді

Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазы финалдық матчын өз алаңында өткізеді. Ал жеңілген команда Грекия – Қазақстан жұбының жеңілген құрамасымен үйде жолдастық матч өткізеді.

Ендігі кезекте Қазақстан құрамасының міндеті ауыр. Еуропа чемпионатының финалдық бөлігіне Германияға бару үшін алдымен 21 наурызда Афинада Грекия құрамасын жеңу керек. Одан кейін 26 наурызда сырт алаңда Грузия-Люксембург командаларының жеңімпазымен ойын өткізеді.  

Еуро-2024 турнирінің қалған екі жолдамасы үшін сегіз команда таласады. 

Айта кетейік, Еуропа чемпионаты 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияның 10 стадионында өтеді. Еуро-2024 жеребе тарту рәсімі 2 желтоқсанға жоспарланған.