Тағайындау • Бүгін, 11:26

Ержан Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды

1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Ержан Ерғанатұлы Дүйсекенов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ержан Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды

Фото. Бас прокуратура

Бас прокуратураның мәліметінше, Ержан Дүйсекенов еңбек жолын Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы лауазымдарын атқарған.

Прокуратура қызметкерінің бейнесін пайдаланған дипфейк 240 мыңнан астам қаралым жинады

2023 жылғы қыркүйектен Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары болып қызмет етті. Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Еске салайық, Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтаған.

Соңғы жаңалықтар