Спорт • 24 Қараша, 2023

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Айсамал Сансызбаева күміс жүлдеге ие болды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гвадалахара қаласында (Мексика) өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Айсамал Сансызбаева күміс жүлдеге ие болды

фото: Instagram/committee_sport

87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айсамал Сансызбаева қоссайыс қорытындысы бойынша 250 келіні бағындырды. Жұлқа көтеруде 107 келіні, серпе көтеруде 143 келіні еңсерген жас спортшы жақсы нәтиже көрсетті.

Айсамалдың жұлқа көтеруден кіші күміс медальді, серпе көтеруден кіші алтынды иеленгенін айта кету керек.

Сондай-ақ тағы бір отандасымыз 89 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Егор Шерер қоссайыс бойынша 334 (153+181) келіні бағындырып 7-орыннан көрінді.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс медальмен аяқтап отыр. Бұған дейін Едіге Емберді алтыннан алқа тағып, ел байрағын биікке көтерген болатын. 44 елден 229 қатысушы жиналған жаһандық додада ел намысын бес спортшы қорғады.