Фото: ашық дереккөз
Іріктеу «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы жүргізілді. Нәтижесінде 2026 жылғы сәуірде запасқа шығарылған 1000-нан астам азамат жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
2023 жылы іске қосылып, заңнамалық тұрғыда бекітілген жоба ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша түсуге мүмкіндік береді. Жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Гранттардың бөлінуі:
▪️ Қорғаныс министрлігі – 492
▪️ Ұлттық ұлан – 493
▪️ ҰҚК Шекара қызметі – 112
▪️ ТЖМ – 28
▪️ Мемлекеттік күзет қызметі – 29
«Сарбаз 2.0» – жастар үшін білім алуға және кәсіби дамуға жол ашатын тиімді әлеуметтік мүмкіндік.
Грант иегерлерінің толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.