Оқиға • Бүгін, 12:42

Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек жолы ауылында өз отбасын өлтірді деп айыпталған күдіктінің ісін тергеуге қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

Санжар Әділовтің айтуынша, қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары аяқталуға жақын.

«Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеуді аяқтап жатырмыз», деді Санжар Әділов.

Министрдің орынбасары күдіктінің стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтіп жатқанын және оның психоз күйінде болғанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, күдікті бұған дейін де сотты болған.  Сондай-ақ оның психикалық есепте тұрғаны анықталды. 

Соңғы жаңалықтар