Спорт • 23 Қараша, 2023
Германияның Transfermarkt веб-сайты ең құнды ардагер футболшылардың рейтингін жариялады. Бұл тізімге жастары 34-тен асқан ойыншылар енді.
Тағзым • 23 Қараша, 2023
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, әнші Сары Батақұлының 160 жылдығына орай «Баласы мен Батақтың атым Сары» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Жиында халық музыкасын зерттеуші Абдулхамит Райымбергенов Батақтың Сарысының жұртқа белгісіз болып келген шығармалары жөнінде әңгімеледі.
Президент • 23 Қараша, 2023
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясына қатысты
Мемлекет басшысы Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты. Беларусь Президенті Александр Лукашенконың төрағалығымен өткен саммитке еліміздің басшысымен қатар, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон барған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Қараша, 2023
ҰҚШҰ: Терроризмге қарсы қызмет күшейтіледі
Беларусь астанасы Минск қаласында өткен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытындағы ынтымақтастықты дамыту ісін тағы бір басымдық ретінде атады. Мемлекет басшысының айтуынша, ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің терроризмге қарсы қызметіне жіті назар аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қараша, 2023
БҰҰ және оның құрылымдарымен ықпалдастық деңгейін сақтаймыз - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев сессия қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Беларусь тарапына және Александр Лукашенкоға ризашылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.