Дәурен Абаев мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша баяндама жасады
Парламентте Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божконың жетекшілік етуімен өткен Үкімет сағатында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы талқыланды. Басқосуда негізгі баяндаманы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жасап, саладағы жұмыстың жай-күйі сараланды.
Президент • 20 Қараша, 2017
Елбасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады
Елбасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 20 Қараша, 2017
Қазығұртта газобетон блогын шығаратын зауыт іске қосылды
Бүгін Қазығұрт ауданында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «Отырабат-Құрылыс» серіктестігінің газобетон блогын шығаратын өндіріс орнының іске қосылу рәсімі өтті. Бұл жоба индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында аудандағы индустриялды аймақта жүзеге асып отыр. Кәсіпорын жылына 12 мың шаршы метр газобетон блогын шығаратын болады, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тәрбие • 20 Қараша, 2017
Бүгінде жазуымызды әбден шатыстырып біттік. Алдымызда сөздік жатпаса күнделікті баспасөзді түсініп оқу мүмкін болмай барады. Ал сөйлеу мәдениетіміздің төмендегені соншама – телеарналардағы хабарларды қайтып көруге мәжбүр боласыз. Соның барлығы сөз табиғатын білместіктен шығып жатады. Сондай біраз сөзді жіліктесек жоғарыдағыдай себебі бар.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Сенаторлар тұрғын үй туралы заңнамаға түзетулерді қарады
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды Снеаттың баспасөз қызметі.