Бизнес • 20 Қараша, 2017
Кәсіпкерлердің құқын Қостанай палатасы мен соты бірігіп қорғайды
Кәсіпкерлердің Қостанай палатасының директоры Мұрат Әбенов пен облыстық соттың төрағасы Асламбек Мерғалиев өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Келісімнің мақсаты – екі жақ бірігіп кәсіпкерлердің құқын қорғау.
Футбол • 20 Қараша, 2017
Жасөспірімдер арасында чемпион анықталды
Бүгін Астанада 2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан ел біріншілігі аяқталды. Чемпиондықты финалдық кезеңге шыққан "Ертіс", "Қайрат", "Ордабасы" жəне "Астана" жасөспірімдер командалары сарапқа салды.
Театр • 20 Қараша, 2017
Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына арналған қойылымның премьерасы өтті
Даланың рухын, бабаның ғұрпын іздесеңіз ең алдымен қаймағы бұзылмаған дәстүрлі өнерімізден табасыз. Рухани тәрбие мен салт-санамыздың алтын діңгегі саналатын бұл өнер тарих төріндегі талай тұлғаларды түлетті. Олардың тағылымын ұрпаққа үлгі етіп табыстау тарих алдындағы міндетіміз. Осы ретте, Әсет Найманбайұлының 150 жылдығына орай Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ән салсаң, Әсеттей сал...! » атты музыкалық қойылымның тұсаукесері өтті. Дәстүрлі өнерімізді дәріптеген мерейлі шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында іске асып отыр.
Қазақстан • 20 Қараша, 2017
Безгелдек атқан браконьер сотталды
Жанкелдин аудандық соты Қостанай ауданының 31 жасар тұрғыны К. деген азаматтың қылмыстық ісін қарады. Ол Торғай даласынан республиканың Қызыл кітабына енген, құрып кетудің алдында тұрған екі безгелдекті атқаны үшін ҚР ҚК 339-бабы бойынша айыпталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Қаржы • 20 Қараша, 2017
«Халық банк» тоғыз айды табыспен аяқтады
Өткен 9 ай аралығында «Халық банкі» 135 млрд 371 млн теңге мөлшерінде таза пайда тауып, былтырғы жылмен салыстырғанда 44 пайызға табысқа кенелген. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан Халық банкі» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.