Банк негізгі көрсеткіштерге жекелеген қызмет көрсету саласы бойынша қол жеткізіп отыр. Атап айтқанда, транзакциялық қызметтің төлем карточкаларына, кассалық операцияларға және банктің аударымдарға шаққандағы үлесі 39,2 пайызға көбейген. Ал, таза маржалық табыс «Казкомерцбанк» пен «Altyn Bank» АҚ активтерін сатып алудан кейін қайта жіктеліп, тоғыз айға шаққанда 4,8 пайызға төмендеген.
– 3-тоқсанның қорытындысы бойынша біз бизнестің өтімділігіне қол жеткізіп отырмыз. Тоғыз ай ішінде қаржы ұйымы үлкен қадам жасады. «Халық банкінің» «Казкомерцбанкті» сатып алып, нарықтағы күмәнді сейілткенін білесіздер. Қазір біз өз серіктесімізге айналған Qazkom брендтінің жаңа тынысын аштық деп сеніммен айта аламыз. Қаржы нарығындағы таза пайдамыз 135 млрд теңгеден асты. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш, - деді басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы.