Қазақстан • 20 Қараша, 2017

Безгелдек атқан браконьер сотталды

1342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жанкелдин аудандық соты Қостанай ауданының 31 жасар тұрғыны К. деген азаматтың қылмыстық  ісін қарады. Ол Торғай даласынан  республиканың Қызыл кітабына енген, құрып кетудің алдында тұрған екі безгелдекті атқаны үшін  ҚР ҚК 339-бабы бойынша айыпталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  

Безгелдек атқан браконьер сотталды

Қылмыстық іс келісу рәсіміндегі сотта қаралып, браконьерге 2 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шықты. Ол сот мерзімін аяқтағанша пробациялық бақылаудан өтіп тұрады. Оның сыртында кінәлі республика заңын бұзғаны және материалдық шығын әкелгені үшін 453 800 теңге айыппұл төлейді.

Безгелдек 2006 жылы 31 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен  құрып кетудің алдында тұрған жануарлардың тізіміне енгізілген болатын.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай