Қоғам • 22 Қараша, 2023
Әке институты: Құндылық пен қағидат
Ұрпақ алдындағы аманатты атқаруға келгенде отбасындағы қарым-қатынастың жібі үзіліп қалғаны туралы жиі айтылады. Үзілді дейміз-ау, қазақ ұғымында алып бәйтерекке теңелген төрдегі әкенің рөлі босағада сығалап тұрғалы қашан. Бұрын бала әкенің мейірімін, ананың аялы алақанын сезіну керек десек, қазір өз туғанынан күн сайын жәбір көріп жатқан өскелең ұрпаққа отбасындағы әкенің рөлін түсіндіруде тіліміз күрмеліп қалатыны белгілі. Биыл елімізде көз жұмған 25 баланың 6-уы ет жақындарының қолынан қаза тапқан. Осының өзі отбасы құндылығының құлдырап, бала болашағына бас ауыртатын емес, балта шауып жатқан отбасындағы жағдайдың ушығып тұрғанын көрсетеді. Бұл мәселе төңірегінде айтпаған ұсыныс, өзгертілмеген заңнама, қолға алынбаған жоба қалмады. Сол себептен бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі мен әке институтын қалыптастыру тақырыбына жиі оралуға мәжбүрміз. Бүгінгі дөңгелек үстелімізде де «Әке институтын қалыптастыру отбасындағы зорлық-зомбылықты азайтып, ұрпақ тәрбиесін ұқыптылықпен қарауға шақыра ала ма?» деген сауалды қойып отырмыз.
Жоба • 22 Қараша, 2023
«Дипломмен – ауылға!»: Бағыты оң бағдарлама
Бір кездері тәуір танылып, кейін көмескіленіп кеткен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы қайта жаңғыра бастады. Аталған бағдарлама көмегімен осы күнге дейін 40 мыңға жуық маман елді мекендерге жұмысқа барып, баспаналы болыпты. Биыл «Отбасы банк» бағдарлама операторы болып ресми бекітілгеннен кейін өтінім қабылдау, жастардың жұмыс және баспана мәселесін шешу процедурасы мейлінше жедел әрі сапалы бола түсті. Бағдарлама жұмысы үшін бөлінген 20 млрд теңгенің 50 пайызы игеріліп, 2 мың займ берілді.
Кәсіпкер • 22 Қараша, 2023
Ауылда да кәсіп ашқан іскер жандар бар. Соның бірі – Махамбет ауылында тұратын Шолпан Торбаева. Жақында ол жүн өңдеп, күнделікті тұрмыста қолданылатын құрақ көрпе, қыз жасауын шығаруды қолға алды.
Инвестиция • 22 Қараша, 2023
Инвестициялық табыстың игілігін көреді
Биыл 1 қазандағы есеп бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 17,2 трлн теңгеден асты, бұл былтырғымен салыстырғанда 22,1 пайызға артық. Осы ретте Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 99,9 пайыз болды. Зейнетақы активтерін сақтау және табыстылықты қалыптастыру үшін Ұлттық банк өзінің инвестициялық портфелін үнемі әртараптандырады. Яғни активтер белгілі бір көлемде үйреншікті қаржылық құралдарға салынбайды, жағдайды ескере отырып жүйелі түрде өзгеріп отырады.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының атынан БАӘ Ұлттық күнімен құттықтады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысып, Мемлекет басшысының және Парламент депутаттарының атынан айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.