Президент • 21 Қараша, 2019
Президент Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босатуды тапсырды. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.
Үкімет • 21 Қараша, 2019
Сыртқы істер министрі азаматтарды қабылдады
Сыртқы істер министрлігінде Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні аясында Министр Мұхтар Тілеуберді азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 21 Қараша, 2019
С. Еңсегенов іс-сапармен Санкт-Петербургке барды
Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов Санкт-Петербургте ТМД ПАА Мемлекет құрылысы және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 21 Қараша, 2019
А.Қапбарова Азия-Тынық мұхиты аймағы саммитіне қатысты
Сенат депутаты Айгүл Қапбарова «Қазіргі басты сын-тегеуріндерге қарсы іс-қимыл: бейбітшілік, ұлттық татулық, өзара қолдау, бірлесіп өркендеу және жаһандық құндылық» тақырыбы бойынша өткен «Камбоджа – 2019 жылғы Азия-Тынық мұхит аймағы саммитіне» қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 21 Қараша, 2019
Қорғаныс министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтті
Алқа отырысына Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб басшылығы, департаменттер мен бас басқармалар бастықтары, әскер түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері әскерлерінің қолбасшылары, бригадалардың, полктердің, авиациялық базалардың, сақтау қоймаларының, оқу орталықтарының командирлері, әскери оқу орындарының, әскери полиция органдарының бастықтары, сержанттар құрамы, Қазақстан Республикасы ҚМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары қатысты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.