Руханият • 24 Қараша, 2020
Жарық пен түстің құшағындағы азап
Осы бір күңгірт пейзаж ешкімді есіңізге салмай ма? Осы бір сырлы да нұрлы сурет өмір бойы кеуде тұсында сақталатындай. Әмсе, көптің көңіліне сұлу бір сөз болып жетсе деп қанша армандады екен?! Тағы да еске алса, адам қолынан жасалған ерлікпен тіршіліктің ізі жосылған, жаңа қоныстар, жаңа түтіндер қосылған теңбіл-теңбіл далаға, орманы қаудай ұйысқан ұйыққа, қу медиенде құшағына құпиясын тыққан тарғыл-тарғыл құмдарға қарап ойланып еді-ау, сонда! Сосын әдетінше жұлдыздарды жолына жайып, бақыт болсаң ертерек белгі бер дегендей түнгі аспанға телміретін.
Оқиға • 24 Қараша, 2020
Әдеби форум аясында – жаңа кітап
Былтыр Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылардың республикалық форумы өткен еді.
Әдебиет • 24 Қараша, 2020
«Күніне бір өлең оқыған адам – ақын, аптасына бір өлең оқыған адам – азамат!» Расул Ғамзатовтың осы бір кестелі сөзі нақ бүгінгі қоғамды бейнелеп тұрғандай. «Ақын» деген ардақты есімді өлеңді жазған емес, оқыған адамға берсек, әдеби оқуда озат емес екеніміз тағы анық. ХХІ ғасыр қазақ руханиятына «кітап оқымау» деген мазалы тақырыппен аяқ басты. Жас пен жасамыстың бойына бірдей сіңген бұл ғадет көбеймесе, азаяр емес. Өмірінің алғашқы баспалдағында кітап ұстамаған баладан ертеңгі аузы дуалы қария шығады дегенге сену қиын екен.
Әдебиет • 24 Қараша, 2020
Екінші мыңжылдық басталған тұста қазақ көркем сөз өнерінің асыл арналары жайлы мақалалар жиі жарық көрді. Авторлардың қай-қайсысы да оқушысын өсіретін, ізденушіге жол сілтейтін керемет танымдық дүниелер жариялайтын. Солардың бірі – жазушы, әдебиеттанушы Айгүл Кемелбаева еді. Жазушының көркем шығармаларын емес, ең алғаш «Жәлеледдин Руми. Мәжнүн жүрек» зерттеуін оқыған екем. Ләйлі-Мәжнүнді қарапайым ғашықтық трагедиялардың қатарында қабылдап жүрген басымыз керемет бір жаңа әлемге топ ете түскендей болдық.
Қоғам • 24 Қараша, 2020
Жастар медиасауаттылық бойынша жарысты
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы елордада республика жастарының басын қосты. Байтақ еліміздің ұландары ел астанасына TRUE or FALSE деп аталатын медиасауаттылық бойынша интеллектуалды сайысқа жиналды.