Президент • 21 Қараша, 2019
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Қараша, 2019
Атырауда қаржылық бұзушылықтар анықталды
Атырау облысының Тексеру комиссиясы Жылыой ауданының білім беру саласында аудит жүргізді. Аудандық білім беру бөліміне қарасты 20 ұйым тексеріліп, 9 млрд теңге қамтылды. Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 228 млн.теңгеден астам бұзушылық анықталды, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 21 Қараша, 2019
Нұрлан Ноғаев: «Қоғамдық тәртіпті сақтау - міндет»
20 қарашада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, - деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникацияларқызметі.
Қазақстан • 21 Қараша, 2019
Ержан Максимге қалай дауыс беруге болады
Польшада «Junior Eurovision 2019» байқауы басталады. Осынау халықаралық ән додасында еліміздің намысын жас әншіміз Ержан Максим қорғайды.
Аймақтар • 21 Қараша, 2019
Семейде Әбіш Кекілбаевқа арналған әдеби кеш өтті
Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қайнар» колледжі 1 курс студенттерінің қатысуымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтің туғанына 80 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты кеш өткізілді.