Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2018
Америкалық баскетболшы Энтони Клеммонс Қазақстан азаматтығын алды
«Астана» клубының қорғаушысы, америкалық баскетболшы Энтони Клеммонс Қазақстан азаматтығын алды. Ол баскетболден Қазақстан ерлер құрамасының намысын қорғамақ деп жазады Olympic.kz.
Бокс • 15 Желтоқсан, 2018
Ғалымбек Кенжебаев бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Ғалымбек Кенжебаев тағайындалды. Ол команданы 2009 жылдан бері жаттықтырған Мырзағали Айтжановты алмастырды деп хабарлайды Olympic.kz. Қазақстандық бокс федерациясы ұсынған үміткерді ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі құптады.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2018
Астанада гидроцефалияға шалдыққан балаға ота сәтті жасалды
Күрделі отаны қазақстандық және израильдік дәрігерлер бірлесіп жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2018
Талдықорғанда неонаталды хирургия орталығы ашылды
Тәуелсіздік күніне орай Талдықорғандағы облыстық көп салалы балалар ауруханасының жанынан ашылған Неонаталды хирургия орталығы жұмысын бастады. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2018
Қостанайда көп қабатты үйдегі бір пәтер өртеніп, екі адам қаза болды
Қостанай қаласының орталығында Чехов көшесіндегі 106-шы үйдегі пәтерден түстен кейін өрт шығып, 6 адам ауруханаға жеткізілді.