Таным • 14 Желтоқсан, 2018
Әрбір қазақ баласының өмірі ауылмен астасып жатқаны анық. Ауылда тудық, ауылда өстік. Заманның қиыншылық кезеңдерін де басымыздан өткердік. Арман қуып, оқуға аттандық. Білім әлеміне аяқ басқан жылдарда жаңа бір әлемнің көкжиегі ашылып, спортпен айналысуға мүмкіндік туды. Осылайша үздіксіз жаттығулар мен ізденістер мені спорттың биік шыңына шығарды.
Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018
Ұлт зиялыларымен, өнер, мәдениет қайраткерлерімен байланысын үзбей отыратын Президент Нұрсұлтан Назарбаевты жақсы білетіндердің тамсанып, тәнті болып айтатын бір әңгімесі – Елбасының ән десе ерекше елеңдеп, бұрауы келген домбырадай бабында отырса, көне аспаптың шанағын шертіп-шертіп жіберіп, көмейінен ән саулататын өнері.
Таным • 14 Желтоқсан, 2018
1992 жыл, тамыздың 19-ы. Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданына қарасты КСРО-ның 50 жылдығы атындағы кеңшардың Қосбармақ жайлауы. Әдетте қойын құрттап, көжесін ұрттап оңаша отыратын малшы ауыл бүгін абыр-сабыр. Жапандағы жайлауға тәуелсіздігін жариялағанына жыл толмаған жас мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келе жатыр!
Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018
Қазақстан Республикасының Президенті Архивінің директоры Жәмилә Әбдіқадыровамен әңгіме
Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018
Ұлттық мереке тұсында елдің өткеніне бір көз салып, тарих қатпарларындағы жылнамаларға, оқиғаларға шолу жасай отырып, «біз осындай болғанбыз» деген мақтаныш сезім бойыңды билеп, мерейленетін тұстарың болады. Әуелі байырғы дәуірлер түгілі, «жылдам хабар алғызған» жаңа заманның өзінде адам біткенді арбап алатын Ұлы даланың алыптығына, соны ұрпағынан ұрпағына аманаттаған бабалардың жанқиярлық ерлігіне, алғырлығына, жер мәселесіне келгенде ешқандай бітімге барыспайтын өлермендігіне разы боласың.