Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018
Тоғыз жолдың торабына айналған Ұлы дала елі
Ел инфрақұрылымын дамыту алдымен экономикалық дағдарыстың алдын алып, халықтың әлеуметтік ахуалын арттырудағы негізгі тетік. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ көліктік-логистикалық жүйені дамытуға, автомобиль жолдарын, темір жол секторын және логистика жүйесін жандандыруға мән берді. Күні кеше ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты телекөпірде Елбасы аталған салада атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018
Әрбір елдің ең басты арманы – тәуелсіздік. Ол – сол елдің әрбір азаматына да тәуелсіздік, еркіндік әкеледі. Аянбай еткен еңбегінің жемісі тек өз еліңе, өзіңе, бала-шағаңның болашағына тиесілі болатынын сезіну қандай бақыт. Менің есімнен кетпейтін бір жайт, Мәскеуде оқып жүрген кезімде Вьетнамнан келген бір студенттің «Ой, сендер қандай бақыттысыңдар – тәуелсіз отандарыңда еркін жүрсіңдер, ал біз болсақ сол тәуелсіздік үшін күресіп, қан төгуден көз ашпай жүрміз», дегені. Әрине ол кездерде шетелден келгендер КСРО барлық азаматтарына бірдей Отан деп түсінді. Тек 1986 жылғы Алматыдағы және басқа қалаларда (Қарағанды, Шымкент, т.б.) болған, қазақ халқының наразылығын туғызған Кремль шешімінен кейінгі жастар көтерілісі біздің көзімізді ашты.
Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018
Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018
Тәуелсіздік тудырған таланттар
Еліміз егемендігін алып, еңсе тіктеген осынау ширек ғасырдан астам уақытта Отанымыздың абыройын асқақтатып, өнер тілі арқылы қазақты жер әлемге танытып жүрген таланттар жетерлік. Соның ішінде, әсіресе есімі елдігімізбен егіз аталатын тәуелсіздіктің төл ұландарының орны айрықша.
Қазақстан • 14 Желтоқсан, 2018
Қала – тіршілікке қан жүгіртер күретамыр, экономика тетіктері шоғырланған драйвер, мәдениеттер тоғысқан жайлы өмір сүру ошағы. Яғни алып мегаполистердің мемлекет дамуындағы маңызы жоғары. Бұл ретте 1981 жылы миллионыншы тұрғыны туған Алматыдан кейін араға ұзақ жыл салып, Тәуелсіздіктің ширек ғасыры өткенде Астана мен Шымкент қалаларының миллиондық межеге жетуі өте қуанышты жайт. Бұл – Тәуелсіздік жемісі. Өйткені қала ең алдымен жұмыс пен табыс көзі, сапалы әлеуметтік қызмет пен заманауи білім алу кепілі. Осы орайда миллион тұрғыны бар қалаларымыздың тынысына шолу жасаған едік.