Әдебиет • 15 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік жолында сарғайып атып сәскеде сөнген, еркіндік үшін тебінгісін терге шіріткен ұлт-азаттық көтерілісшілер жадымызда. Ал қан-қасап заманда қаламын қылыш еткен рухани ұлт-азаттық көтерілісшілердің жөні басқа. Жыраулар, Абай, Махамбет, Мағжан рухы салқар даланың шекарасын сарабдал жырымен, тілімденген жанымен күзетті.
Тарих • 15 Желтоқсан, 2023
Кеңестік қиын жылдарда жыраулар рухы, қобыз сарыны бізге Махамбет жырларымен бірге келді. Намыс болмаған жерде, ұлы сүйіспеншілік болмаған жерде ерлік пен елдік те, кеңдік пен теңдік те жоқ-ау, шамасы. Былайынша айтқанда, ештеңе жоқ. Ұлы сүйіспеншілік үлде мен бүлдеге оранған Күнікей қыз болып қана көріне ме? Алтын тақ, хан сарайы сияқты қылаң беруі керек пе әлде?
Ғылым • 15 Желтоқсан, 2023
Зия Бүниятов түркі халықтарының тарихын алғашқылардың бірі болып зерттеген
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, көрнекті түрколог, Әзербайжан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Кеңес одағының батыры, ғылымға еңбек сіңірген қайраткер Зия Бүниятовтың 100 жылдық мерейтойын кең ауқымда атап өту Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтың қыркүйек айындағы Қаулысымен қарқын алған болатын. Осыған орай бүгін, 15 желтоқсан күні Түркі Академиясы тұғырлы тұлғаның ғасырлық мерейтойына арналған «Академик Зия Буниятов және оның түркітануға қосқан үлесі» атты халықаралық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 15 Желтоқсан, 2023
Демалыс күндері валюта бағамы қандай болады?
Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған деректерге сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 1,92 теңгеге қымбаттап, 457,54 теңге болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 15 Желтоқсан, 2023
«Қазақ үшін шам қылған жүрек майын»
Алаш аялаған Сұлтанмахмұт Торайғырұлы екі мүшелден енді аса бергенде, яғни 27 жасында дүние салды. Бейнелеп айтқанда, қамшының сабындай қысқа ғұмыр. Бірақ ол осы жасына дейін талмай еңбек етіп, мол мұра қалдырды. Оның қайратты қаламынан 100-ден аса өлең, 5-6 сүйекті поэма, екі роман, 7-8 мақала, очерк, әңгіме туды. Бұл шығармаларды ақын жетімдік пен жоқшылықтың азабын тартып, дерті меңдесе де қу жанын сүйретіп жүріп жазғаны белгілі.