Саясат • 18 Желтоқсан, 2019
Қазақстан Елшісі Дания Патшайымына сенім грамоталарын тапсырды
Копенгагенде Қазақстанның Швециядағы Елшісі және Даниядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Қайрат Әбдірахманов Дания Патшайымы II Маргретеге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019
Елбасының «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы – біршама жастардың тегін білім алып, жұмыспен қамтамасыз етілуіне ықпал жасаған озық жобалардың бірі. Ақмола облысында аталмыш бағдарламамен білім алып жатқан жастарға барлық жағдай жасалған.
Желтоқсан оқиғасы (1986 жыл) кезінде еңгезердей үш сақшының қоршауында, кәнігі аңшының қолына түскен еліктің лағындай үрке-қорқып, лекіте басып бара жатқан осы қазақ қызының фотосы көпке аян. Бұл адамды қазір елдің көбі таниды. Алматы қаласының тұрғыны – Анар Төлегенқызы Рахымжанова.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Маңғыстаулық кәсіпкерлер 5 жүлдені иеленді
Нұр-Сұлтан қаласында «ЭКСПО» конгресс-орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаз-лауреаттарын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің дипломанттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 18 Желтоқсан, 2019
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру тиімділігі 600 млрд теңгеден асты - А. Мамин
Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан экономикасын цифрландыру тақырыбына арналған «Digital Samruk» конференциясының пленарлық сессиясына қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.