Қазақстан • 17 Желтоқсан, 2019

Алматы облысында баспанаға мұқтаж 2750 жетім бала бар

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақта 2015 – 2017 жыл аралығнда 327 бала тұрғын үймен қамтылған. Ал соңғы екі жыл көлемінде 64 пәтер бөлініпті.

Алматы облысында баспанаға мұқтаж 2750 жетім бала бар

Жалпы облыста ата-ана қамқорлығынсыз қалған 2810 бала бар. Оның ішінде, 2267 бала қамқорлық қорғанында, 110 бала патронат тәрбиесінде, 56 бала отбасы үлгісіндегі балалар үйінде өсіп жатыр. Ал 21 баланы жеке отбасылар асырап алған. Сондай-ақ, 356 бала әлеуметтік бағыттағы интернаттарда тәрбие алуда.

Ал осы тізімдегі 60 баланың жекеменшік үйге қақылы, тағы 197 баланың үй иеленуге үлестік құқы бар екен. 2750 бала тұрғын үйге мұқтаж болса, мемлекеттік баспана қорынан үй алу кезегінде 2606 жетім бала кезекте тұр. Биыл 115 баланың құжаты қаралып, олардың жиырма бесі кері қайтарылған екен.