Футбол • 19 Желтоқсан, 2022
Хорватия ұлттық құрамасы Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Осыдан төрт жыл бұрын Ресейде ұйымдастырылған теңбіл доп додасында Франциядан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болған Златко Далич шәкірттері бұл жолы үшінші орынға ие болды. 45 мыңнан аса жанкүйер сыятын Дохадағы «Халифа» стадионында өткен тартысты бәсекеде Хорватия футболшылары Марокконы 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2022
Балалар жылы аясында Астана қаласында халықаралық конференция өтіп, онда балалардың құқығын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, ауқымды жоспарлар пысықталды. Айтулы іс-шараға Чехия, Хорватия, Мажарстан және Қырғызстан елдерінен келген сарапшылар қатысты. БҰҰ-ның елдегі тұрақты үйлестірушісі, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) елдегі өкілі, бала құқықтары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдермен қатар педагогтер, ата-аналар мен балалар да осы кездесудің ортасында болды.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2022
Ай өткен сайын халықтың несие берешегі алаңдатарлық ахуалға айналып бара жатыр. Жақында Мәжіліс депутаты Александр Милютин депутаттық сауал жолдап, онда жастардың несие жүктемесі жайлы мәселе көтерді. Депутаттың айтуынша, қазір студенттердің жартысынан көбі микронесие ұйымдарына қарыз.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2022
Коронавирустан сақтану шаралары
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ өңірлердің басшылары қатысты.
Кино • 19 Желтоқсан, 2022
Сауд Арабиясындағы дипломатиялық корпуста «Ambassadors Choice International Film Festival» кинофестивалі өтіп, оған Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина сияқты елдер қатысты.