Сенат • 15 Желтоқсан, 2023
Әлеуметтік әділетті қоғам талабы
Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат отырысында депутаттар бірқатар заңды қарап, сауалдарын жолдады.
Үкімет • 15 Желтоқсан, 2023
Жаңа экономикалық үлгіге көшу барысы
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Дипломатиялық бизнес клубтың отырысына қатысты. Іс-шарада дипломаттар, саясаткерлер және бизнесмендер Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан еліміздің жаңа экономикалық үлгіге көшу барысын талқылады. Сондай-ақ олар бизнес-қауымдастықтың шетелдік дипломатиялық корпуспен ынтымақтастығының перспективаларына назар аударды.
Саясат • 15 Желтоқсан, 2023
Еуропа компанияларымен әріптестік
Астанада Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 13-отырысы өтті. Іс-шара орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, дипломатиялық корпус пен бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.
Инвестиция • 15 Желтоқсан, 2023
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Аустралияға жасаған жұмыс сапарын қорытындылады. Оған сол жаққа жұмыс барысымен сапарлап келген мал шаруашылығы қожалықтарының басшылары қатысты. Аграрлық салада өзіндік орны бар бес компанияның өкілдері – «Олжа Агро» ЖШС, «Терра» ЖШС компаниялар тобы, «Қарасу-Астық» ЖШС, «Қайып ата» ЖШС, «Қайыңды» ЖШС аустралиялық заманауи технологияларды ескере отырып, қолданыстағы өндіріс орындарын салу және жаңғырту бойынша қанатқақты жобаға қатысуға шешім қабылдады.
Өндіріс • 15 Желтоқсан, 2023
Жетісу өңірінде ет өндірісі артып келеді. Аграрлы облыста дәл қазір 75 ірі мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Онда 30 мыңға жуық сиыр бар. Жыл соңына дейін өңірдің фермерлері 130 мың тонна ет өндіруге бекініп отыр. Келер жылы бұл көрсеткішті арттырмақ ниетте. Оның үстіне осы бағытта шағын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отыр.