Жәдігер • 14 Желтоқсан, 2023

Мұражайдың жаңа жәдігерлері

201 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1973 жылы халық батыры Амангелді Имановтың 100 жылдығына орай ашылған Арқалықтағы «Дала аймағының тарихы» облыстық мұражайы өзі жұмыс істеп тұрған жарты ғасырлық кезең ішінде өңір тарихының алтын сандығы іспеттес рухани-мәдени қазынаның орталығына айналды.

Мұражайдың жаңа жәдігерлері

Мұражай ғимараты осыдан бірнеше жыл бұрын жөндеуден өткен. Биыл музей экспози­ция­сын қайта жаңғырту жұмыс­тары жүріп жатыр.

ен

«Қазір музейдің екінші және үшінші қабатындағы экспозицияларды қайта құрып жатырмыз. Бұл экспозиция­ларда адамзат дәуірінің алғаш­қы кезеңдерінен бастап, қа­зіргі кезеңге дейінгі ара­лық­тағы Қостанай, Торғай өңі­ріне қатысты тарихи дерек­тер хронологиялық жүйе бо­йынша қамтылып отыр. Му­зей қорын толықтырып жатқан жаңа материалдар бар. Мысалы, кейінгі жылдары ашыл­ған Торғай геоглиф­те­ріне қатысты деректер қо­йы­лып жатыр. Осыдан біраз жыл бұрын меценат Сапар Ысқақовтың қолдауымен Тор­ғай өңірінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Одан кейін Ұлттық музейдегі Халық қазынасы институты бірнеше жылдық грант ұтып алып, археологиялық зерттеу жұмыстарын әрі қарай іл­герілеткен. Сол жұмыстардың нәтижесінде төрт қорғаннан та­былған үш саба, тағы басқа да жәдігерлер мұражай экспозициясынан орын алды. Сонымен қатар кейінгі кезде табылған Балғожа бидің суреті, Шегеннің Қазбегінің суреті, Ахметсапа Юсуповтың өз қо­лымен жазылған ғұмырбаяны секілді құнды-құнды дү­ние­лер, осы өлкенің тарихын жасауға үлес қосқан тұл­ғалардың портреттері, құжат көшірмелері мұражай қорын толықтырып отыр», дейді музей қызметкері, ақын Батырлан Сағынтаев.

впр

Музей қорында қазір 76 мыңнан аса жәдігер сақтаулы тұр. Олардың ішінде Әбілхан Қастеев салған Амангелдінің портреті, Амангелдінің қан­жары, Кейкі батырдың үйіне тиесілі кебеже, сармат дәуіріне жататын күмістен жасалған ат әбзелінің бір бөлігі секілді құн­ды жәдігерлер бар.

сссс

 

Қостанай облысы