Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Шалғайдағы Ақбастыға су жетті: Сыр өңірі ауыз су мәселесін толық шешті
Қызылорда облысы барлық елді мекендерін 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етті. Бұл жетістік пен аймақтағы өзге де ауқымды инфрақұрылымдық жобалар туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Желтоқсан, 2025
Түркиялық депутаттар бюджетті талқылау кезінде төбелесіп қалды (видео)
Түркияда Ұлттық мәжіліс депутаттары 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджетті талқылауға арналған отырыста жанжалдасып қалды. Әуелгі ұрыс-керіс Республикалық халық партиясы төрағасының орынбасары Мұрат Эмир Бурса мен Әділет және даму партиясының депутаты Мұстафа Варанк арасында басталған, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Желтоқсан, 2025
Аяз, боран және көктайғақ: Қазақстанда күн күрт суытады
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады деп күтіледі. Ал 25 желтоқсаннан бастап республиканың солтүстігі мен батысында -28 градусқа дейін күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Желтоқсан, 2025
Жапония әлемдегі ең ірі АЭС-ті іске қосу туралы шешім қабылдады
Дүйсенбі күні Жапония билігі әлемдегі ең ірі «Касивадзаки-Карива» атом электр станциясының жұмысын қайта бастау туралы соңғы маңызды қадамды жасады. Бұл 2011 жылғы «Фукусима» трагедиясынан кейін елдің атом энергетикасына оралуындағы бетбұрысты кезең болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2025
Ел қазынасы 98 тонна алтынмен толықты
Қазақстан қойнауынан бес бірдей жаңа кен орны табылып, мемлекеттік есепке алынды. Геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша, еліміздегі бағалы металл қоры рекордтық деңгейде өсіп, алтын, мыс және фосфориттің мол қоры анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.