Саясат • 15 Желтоқсан, 2022
Жердің ретті бөлінуіне – қоғамдық бақылау
«Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Бас прокуратураның жер саласындағы заңдылықты сақтау мәселелері жөніндегі алқа отырысына қатысты.
Сұхбат • 15 Желтоқсан, 2022
Компания биржада қаржыландыруды тарту үшін листинг үдерісінен өтуі керек. Листинг процедурасының мәні – бағалы қағаздар мен оның эмитентінің Биржа тізіміне енгізу талаптарына сәйкестігін тексеру. Бұл ретте кәсіпкерлік субъектісінің ашықтығы және өз акционерлері мен қаржылық жағдайы туралы ақпаратты ашуға дайындығы түйінді сәт болып саналады. KASE Басқарма төрағасының орынбасары Наталья ХОРОШЕВСКАЯ қазақстандық қор биржасында листинг қалай өтіп жатқаны және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтып берді.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2022
Деподағы дау: жұмысшылар талабы
Жыл жабылар тұста «Тараз локомотив жөндеу депосы» ұжымының қызметкерлері айлығы шайлығына жетпейтінін айтып бас көтерді. Жалпы саны 200-ге жетеғабыл қызметкер 70 мың теңгеден басталатын жалақының жыртықты жамауға да сеп бола алмайтынын алға тартып отыр. Олардың айтуынша, соңғы бірнеше жыл бедерінде жалақыға мардымды сома қосылмаған.
Саясат • 15 Желтоқсан, 2022
Әкелер форумы: отбасы – ұлт тірегі
Елордада VII республикалық әкелер форумы өтті. Тәрбиелік мәні зор болған іс-шарада отбасындағы әкенің рөлі, тәрбиесі кеңінен сөз болды.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2022
Күрделі жөндеудің күрмеуі шешіле ме?
Облыстық балалар ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары 2020 жылы басталған. Мердігер өз міндетін жарты жылдың ішінде орындап, жаңарған ғимаратты қайта тапсырып беруге тиіс еді. Содан бері үш жылға таяу уақыт өтті, ғимарат бос, жұмыс тоқтап тұр. Есесіне бірін-бірі сотқа сүйрелеген тараптардың дау-дамайы ушығып, аурухананың бас дәрігері орнынан кетті.