Үкімет • 12 Желтоқсан, 2023
Авариялар болған жағдайда шұғыл әрекет ету қажет – Премьер-министр
Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс ЖЭО мен жылу желілеріндегі штаттан тыс жағдайлардың салдарын жою және олардың орын алу мәселелері қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтың мәлімдеуінше, ауа райының суытуына байланысты энергия көздері мен жылу желілерінде бірқатар технологиялық ақау орын алды. Атап айтқанда, Риддер ЖЭО-сы, Теміртау 1-МАЭС-і, Екібастұз ЖЭО-сы жұмысында ақаулар болды. Аталған нысандар бойынша температуралық режим толығымен қалпына келтірілді. Сонымен қатар Степногорск, Балқаш, Ақтау, Көкшетау қалаларындағы жылу желілеріндегі технологиялық ақаулар да жедел жөнделді. Қазіргі уақытта барлық тұтынушы жылуға қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2023
Астанада Қазақстанның үздік тауарлары анықталды
Бүгін елордада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық-көрме байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауда «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жүлделер берілді. Енді байқау лауреаттары мен дипломанттары байқаудың эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 12 Желтоқсан, 2023
Биыл республикалық бюджетке 12,6 трлн теңге табыс түсті
Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 11 айдағы бюджеттің кіріс-шығыс есебімен бөлісті. Министр жыл бойы қаржыны игере алмаған министрліктер мен табыс аз түскен салаларды жіктеп көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023
Шығыста «Лу Бань шеберханасы» ашылды
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде «Лу Бань шеберханасы» ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
«Өртенген үйде бір отбасының мүшелері болған». Тұрғын үйдегі қызыл жалын сөндірілді
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне 11 желтоқсанда түнгі сағат 03.03-те Наурызбай ауданына қарасты Таусамалы шағын ауданы Сәдуақасұлы көшесіндегі 125 үйдің өртке оранғаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер отбасы мүшелерін қызыл жалын ішінен аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.