Әдебиет • 14 Желтоқсан, 2022
ХХ ғасырда қазақ әдебиеті эпостан эпопеяға көтерілді. Қанмен жазылып, ұлттың көркем тарихы жасалды. Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбайұлы, Мұхтар Мағауин, Фариза Оңғарсынова, Сайын Мұратбеков, Оралхан Бөкей, тағы да басқа ондаған, жүздеген жазушы көркем әдебиетке журналистика арқылы келді де, ұлт тарихының өшпес жәдігерлерін жариялады.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2022
Классикалық өнердің аңызына айналған әйгілі өнер шебері, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Болат Аюханов бақиға озды.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2022
Қостанайға жұмыс сапарымен келген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қала тұрғындарымен кездесіп, биыл қыркүйектің басында Әулиекөл ауданында болған алапат өрттен зардап шеккендерге арналып салынған тұрғын үйлерді тұрғызуға белсене атсалысқан құрылыс мамандарына мемлекеттік марапаттар табыс етті.
Әлем • 14 Желтоқсан, 2022
Украина тағдыры: себеп пен сабақ
Украинадағы қақтығыс бүгін әлемнің көп мемлекетін алаңдатып отыр. Әсіресе посткеңестік елдердің байырғы халқы Украина басындағы қиындықты терең сезінеді, оған абырой тілейді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы бейбіт заманда әскери текетірестің болмау керектігін айтып, күш қолдануды салқын қабылдады. ДНР мен ЛНР мойындалмайтыны мәлім етілді. Ресей мен Украина қарым-қатынасындағы әскери қақтығысқа жеткізген жағдайлар туралы ойлану, оның ащы сабағына үңілу бәріміз үшін маңызды.
Саясат • 14 Желтоқсан, 2022
Кинофестивальдің алғашқы сыйлықтары
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында XVI «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Бағдарламаға сәйкес фестиваль қонақтары мен отандық театр және кино өнерінің белгілі әртістері маңызды іс-шараны қызыл кілем рәсімінен бастады.