Өндіріс • 11 Желтоқсан, 2023
65 сүт өндіру фермасы салынады
Шығыс Қазақстанға Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы Серік Егізбаев келіп, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының аймақтағы активімен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілермен кездесті.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2023
Арқаға келіп жеткен алғашқы аязда Екібастұздың жылу-энергиясы орталығы тағы сыр берді. Стансаның су жылыту агрегаттарындағы күлді шаюға арналған су құбырына зақым келіп, екінші цехтағы багер сорғысы су астында қалған. Салдарынан жылу параметрлері төмендеп, шаһар халқы үйлерінің салқындап кеткеніне шағымданды.
Білім • 11 Желтоқсан, 2023
12 желтоқсанда бірінші ауысым оқушылары мен студенттердің сабағы қалай өтетіні белгілі болды
Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2023
Таразда аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды. Қазақстан бойынша бесінші болып есігін айқара ашқан орталық «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының демеушілігімен ел игілігіне беріліп отырғанын айта кеткен жөн. Дерекке жүгінсек, ғимараттың жаңартылуына «Қамқорлық» корпоративтік қоры да қолдау көрсеткен.
Еңбек • 11 Желтоқсан, 2023
«Есімі ел жүрегінде сақталған ер бақытты» дейді дана халқымыз. Өнегелі өмірі көпке үлгі болатын, өлшеусіз еңбегімен, ақыл-парасатымен қалың жұртшылықтың құрметіне бөленген адамдар жергілікті жерлерде де аз емес. Алайда «олар лайықты ұлықталып жүр ме, өскелең ұрпақ біле ме?» деген сұрақ қойылса, мәдени, рухани салаларға жауапты басшылар мен мамандар не деп жауап берерін білмейді. Көбіне есімі бұрыннан белгілі батырлар мен мемлекеттік марапатқа ие болған тұлғаларды ұлықтап, өңірдің өркендеуіне үлес қосып, игілікті істерімен көш басынан көріне білген майталман еңбеккерлер көзден таса қалып жататыны өкінішті. Солардың бірі Шәмшия Кұлмұрзина апамыз – қай жағынан болсын мақтауға лайық жан.