Қоғам • 11 Желтоқсан, 2023

Жазба мұраны жаңғырту жайы талқыланды

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстандағы жазба мұраларды қайта қалпына келтіру және сақтау мәселелері талқыланған семинар өтті,  деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазба мұраны жаңғырту жайы талқыланды

aqparatqogam

«Қазақстандағы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері» атты ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Реставратор, қор сақтаушы мамандардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу және жаңа технологияларды меңгеру мақсатында ұйымдастырылған семинарға еліміздегі архив, кітапхана мен музей қызметкерлері қатысып, шетелдік мамандар видеобаяндама жасады. Семинарда архивтік құжаттарды қалпына келтіру және консервациялау, қағаз құжаттарды қалпына келтіруде заманауи жабдықтарды пайдалану, реставрациялау мәселелері туралы шеберлік сағаттары өтті», делінген ақпаратта. ⠀

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығындағы зертхана 2018 жылдан бері жұмыс істейді.  АҚШ, Ұлыбритания, Корея, Италия, Жапония, Алмания елінен жеткізілген озық технологиямен жабдықталған. Қағаз құжаттардың заманауи реставрациялық жаңарту жұмысын жүргізетін зертхана мамандары  Түркия, Ресей, Иран, Армения, Оңтүстік Корея елдерінде тәжірибеден өтті.