Мәселе • 11 Желтоқсан, 2023
Хостел пана болмайды студентке
Алматыда хостелде болған өрт қоғамда орын алып отырған бірқатар мәселенің бетін ашып берді. Осы орайда сарапшылар, әсіресе студент жастарды баспанамен қамтудың бақылаудан шығып кеткенін алға тартып отыр. Жаңа оқу жылы басталған кездегі науқаншылдықтың қарқыны басылды. Бірақ жоғары оқу орындары, колледждер өз студенттерінің мекенжайы, әлеуметтік жағдайынан мүлдем бейхабар. Жатақханаға қолы жетпегендердің көпшілігі хостелдер мен бағасы қымбат жалдамалы пәтерлерде тұрып жатыр.
Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2023
Сұлу Сырдан – ару Астанаға: Қызылорда облысының мәдени күндері мәресіне жетті
Арқаға сағындырып жеткен аязды күндерге ақ күріштің отаны – Сыр өңірінен келген өнер тартуы шырай кіргізгендей. Ару қала Астанамыздың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған Қызылорда облысының мәдени күндері шын мәнінде өнердің мәдени мерекесіне ұласты. Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры әкелген Ш.Айтматовтың «Жәмилә» мен Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» қойылымдары, сонымен қатар Бейбітшілік және келісім сарайында өткен Қызылорда облысы өнер шеберлерінің гала-концерті мен «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты тарихи танымдық көрме де мазмұнды іс-шараның мәнін аша түсті.
Архив • 11 Желтоқсан, 2023
Жазба мұраларды сақтау – заман талабы
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қазақстандағы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылып, оған еліміз бойынша архив саласының білікті мамандары, кітапхана және музей қызметкерлері қатысты.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2023
Жерге қолы жетпей қиналып жүрген қаншама жан бар. Қолы жетпек түгіл, жолын білмей жүргендер де біршама. Қағазбастылық пен әкімдік есігін тоздыру халықтың ығырын шығарып, мемлекеттің де жұмысын ауырлатты десек, өтірік емес. Бұл біздегі жер қатынастары жүйесінің күрделілігін көрсетеді. Енді аталған мәселені жолға қоятын шешім бір жүйеге түсті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі барлық қажетті ақпаратты бір платформаға жинақтап, Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрын енгізді. Аталған үдеріс еліміздің 89 қаласында жүріп жатыр.
Хоккей • 11 Желтоқсан, 2023
Шайбалы хоккейден Қазақстанның жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Старыгин әлем біріншілігіне қатысатын ойыншылардың есімдерін атады.