Парламент • 04 Желтоқсан, 2017
Сенаттың Бюро отырысында заң жобалары комитеттерге бөліп берілді
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының Бюро отырысы өтті. Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары комитеттерге бөлініп берілді, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметінен.
Қаржы • 04 Желтоқсан, 2017
Қайрат Келімбетов Ресейдің ірі бизнес өкілдерімен кездесті
Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов Ресей Федерациясының мемлекеттік және бизнес ортасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды egemen.kz АХҚО баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Атырауда алты әлеуметтік нысан ашылды
Атырауда әлеуметтік нысандар қатары толықты. Тұңғыш Президент күніне орай мұнайлы аймақта алты бірдей нысан пайдалануға берілді.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
«Ұлы даланың Ұлы перзенті» атты кітаптардың авторларымен кездесу өтті
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде «Ұлы даланың Ұлы перзенті» атты Елбасы туралы жазылған кітаптардың авторларымен кездесу кеші өтті. Әуелі келген қонақтар арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты. Онда Елбасының жазған еңбектерімен қатар, Президент туралы кітаптар қойылып, Елбасының өмірі мен еңбек жолынан мол деректер қамтылды. Содан кейін келушілерге Елбасы туралы деректі фильм көрсетілді. Жиынға келушілер мұнда Мемлекет басшысының жуырда ғана Жамбыл облысына арнайы келген іссапарын тамашалады. Бұдан кейін кештің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, кешті университет ректоры Махметғали Сарыбеков жүргізіп отырды.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Бұқаралық спортты дамыту басты назарда
Тараз қаласында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай тұрғындар мен мемлекеттік қызметшілер арасында жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті. Аталған шараға облыс әкімдігінің аппараты, облыстық басқармалар, жергілікті құқық қорғау және сот органдары, аумақтық басқармалар мен мекемелер және акционерлік қоғамдар, сондай-ақ Тараз қаласында орналасқан кәсіпорындар өкілдері мен облыс тұрғындары қатысып, жалпы қатысушылар саны 1000-ға жуық адамды құрады.