Кездесуге Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников та қатысты.
«Ресей бизнесі АХҚО ұсынатын жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге зор қызығушылық танытып отыр», деді М.Бочарников.
АХҚО-ны дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарына капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың дәулетін басқару, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар және жасыл қаржыландыруды жатқызуға болады.
«АХҚО-ның табысқа жетуі көбінесе ресейлік компаниялардың қатысуымен байланысты, сондықтан біз оларды қаржы орталығы жұмысының барлық негізгі бағыттарындағы белсенді серіктестеріміз ретінде көргіміз келеді», деді Қ.Келімбетов.
Кездесу барысында АХҚО және Мәскеу қор биржасын қоса алғанда ресейлік қаржы ортасының арасындағы ынтымақтастық мәселелері сөз болды. Ресейлік ірі бизнес өкілдері АХҚО қызметіне зор қызығушылық танытып, ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін білдірді.