Бизнес • 04 Желтоқсан, 2017
Қазақстан инвестқоры: қайтару, оңалту, іске қосу
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, даму институты бола тұра, проблемалық активтерді оңалту арқылы елдің өндірістік әлеуетінің өсуіне жәрдемдесу саласында қызмет атқарады. Бұл қаңдай процедура екені және тұтас күрделі механизм іс жүзінде қалай жұмыс жасайтыны жайында «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-тың Басқарма төрағасы Ермек СӘКІШЕВ өз ойларымен бөлісті.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Қасиетті қазақ жерінің дәм-тұзын кімдер татпаған?! Сондай-ақ құшағы кім-кімге де айқара ашық қазақ халқы тағдырдың теперішіне тап болған халықтар мен ұлттар өкілдерінің қай-қайсысына да қара ағаштай пана, бәйтеректей сая болып келді емес пе?! Айталық 1937-1944 жылдар аралығында бұрынғы КСРО аумағынан Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандардың саны 1 миллион 210 мыңды құраған екен. Бұл көрініс 1937 жылы Қиыр Шығыстан қазақ жеріне зорлықпен қоныстандырылған корейлер депортациясынан басталғаны белгілі. Кейін Еділ бойын қоныстанған немістер де солардың кебін киді. Бұдан кейінгі кезеңде депортация үрдісі тереңдей түсіп, гректер мен болгарлар, қарашайлар мен поляктар, чешен-ингуштар мен месхет түріктері де Қазақстанға жер аударылды.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2017
Жамбылда «Туған жерге туыңды тік!» акциясы бастау алды
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бүгінде халықтан кең қолдау тауып, аудан орталықтары мен ауылды жерлерде игі шаралардың өтуіне сеп болып отыр. Мақалада негізгі алты бағыт қамтылып, туған жердің тарихын білуге, туған жерге ту тігуге үндейтін кесек ойлар айтылған. Жалпы, болашаққа бағдар беретін әрі рухани жаңғыруға үндейтін бағдарламалық мақаланың маңызы күн санап артып, жалпы ел үшін, жер үшін негізгі темірқазыққа айналды.
Президент • 04 Желтоқсан, 2017
Шамалғанда Президенттің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Жетісудың баурайында, Алатаудың қойнауында Елбасының кіндік қаны тамған жері – Шамалған ауылында Президенттің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ашылды.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2017
«Киіктің қырылуына кене кінәлі»
«Егемен Қазақстан» газетінің биылғы жылдың 6 қазанында жарық көрген санындағы «Парламент» бетіне сенатор Мұрат Бақтиярұлының Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа киіктердің қырылуының себебі мен аңшылыққа байланысты сауалы және оған берілген жауапты жариялаған едік. Онымен басылымның 200 мыңнан артық жазылушысынан басқа интернет арқылы 6 мыңнан астам адам танысты. Оқырмандар арасынан редакцияға хабарласқандар да көп болды. Солардың бірі – мал дәрігері, 33 жылдан артық ЖОО-да доцент, кафедра меңгерушісі, декан, проректор қызметтерін атқарған, негізгі мамандығы вирусолог болғанымен кейін патологоанатом саласын да меңгерген, ветеринария ғылымдарының кандидаты, кейінгі жылдары республикалық зертханаларда бас маман, меңгеруші секілді қызметтерде болған Әділқасым ЖАҚЫПБАЕВ киіктің неден қырылғанын өз ұйғарымы бойынша түсіндіріп берді.