Қоғам • 11 Желтоқсан, 2024
Зейнеткердің құқын шектемейік...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде: «Азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі басым міндетті ұдайы назарда ұстаған дұрыс. Зейнетақы жүйесінің әлеуетін арттырудың, оны жетілдірудің тәсілдерін табу керек. Дені сау, қажыр-қайраты мол зейнеткерлердің ел дамуына қосып жүрген үлесін ынталандыру маңызды», деген еді.
«Таза Қазақстан» • 11 Желтоқсан, 2024
«ҚазМұнайГаз» «Таза Қазақстан» акциясына елеулі үлес қосты
Биыл «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорындарымен бірге «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экоакцияға белсенді қатысып, 97 218 ағаш екті. Осылайша, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған айтулы іс-шараға компания да елеулі үлес қосып отыр.
Білім • 11 Желтоқсан, 2024
Оқушылар шешендік өнерден сайысты
Жақында мектеп оқушылары арасында алғаш рет Қазақ би-шешендерінің даналық сөздерін мәнерлеп оқу және оны ағылшын тілінде айту бойынша мазмұнды байқау өтті. Оған Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатынан 5 оқушы және желілік Абай мектептеріне қарасты Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан 4 оқушы қатысты.
Алматы • 11 Желтоқсан, 2024
Сатирик мектебінде мұражай ашылды
Биыл көрнекті ақын, сатира сардары Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толды. Соған орай ашылуына осыдан 40 жыл бұрын қаламгердің өзі ұйтқы болған Алматы қаласындағы №62 гимназияда Шона Смаханұлы атындағы мұражай ашылды.
Ұстаз • 11 Желтоқсан, 2024
Осыдан үш жыл бұрын «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, Ақордада Мемлекет басшысының қолынан 3 миллион теңге грант алған Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы Әсет Бейсеуов атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Бақытәлі Даулетиярұлының есімі өңір ұстаздарының арасында топ жарып тұрғаны хақ. Содан бергі тынымсыз ізденіс пен еселі еңбектің нәтижесінде, Бақытәлі Даулетиярұлы «Қазақстан мұғалімі-2024» байқауында да ұлттық сыйлықтың жеңімпазы атанып, еліміз бойынша үздік деп танылған 10 ұстаздың қатарына қосылып отыр. Жеңімпазға 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ ол алда болатын «Әлем ұстаздары» байқауына қатысуға жолдама алғанын айрықша атаймыз.