Президент • 08 Желтоқсан, 2023
Президент: Мемлекет дарынды, еңбекқор, талапты жастарды әрдайым қолдайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының 30 жылдығына арналған салтанатты форум қатысушыларына құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 08 Желтоқсан, 2023
8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Соның әсерінен бүгін аяз күшейіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Су нысандарының жекеменшікте болуы алаңдатарлық мәселе – депутат
2040 жылы елімізде су тапшылығы 15 миллиард текше метрді құрайды. Бұл шамамен Арал теңізіне парапар су. Яғни, таза ауыз су ретінде пайдаланылатын судың көлемі кемі 50 пайызға азаяды. Бұл – әрбір екінші отандасымыз ауыз сусыз қалады деген сөз. Ал, ауыз сусыз адам үш күн ғана өмір сүретіні мәлім, сондықтан өте қауіпті. Демек, дабыл қағар уақыт жетті. Осылай деген бірмандатты округ бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек су ресурстарын басқару мәселелері бойынша Премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 08 Желтоқсан, 2023
Биыл қысқы маусымда Астана қаласы әкімдігі сырғанақтар, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңа жылдық фотоаймақтар және өзге де көптеген қысқы серуен аймақтарын ашуды жоспарлап отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары серуендеуге арналған 60-қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Желтоқсан, 2023
Данияда Құранды өртегендер сотталады
Жергілікті парламент діни мәтіндерді дұрыс пайдаланбағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заң жобасын қабылдады. Енді Құранды өртегендер екі жылға бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.