Елорда • 08 Желтоқсан, 2023

«1 млрд теңгеге жуық». Астаналықтардың жаңажылдық көңіл күйі үшін биыл қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қысқы маусымда Астана қаласы әкімдігі сырғанақтар, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңа жылдық фотоаймақтар және өзге де көптеген қысқы серуен аймақтарын ашуды жоспарлап отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары серуендеуге арналған 60-қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1 млрд теңгеге жуық». Астаналықтардың жаңажылдық көңіл күйі үшін биыл қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды

Фото: elements.envato.com

Биыл бас қаланы қысқы маусымға дайындап, жаңа жылдық безендіруге қанша қаржы бөлінгені белгілі болды. 

Демалыс орындарын құру, жаңа жылдық безендірумен оған бөлінетін қаржы суммасын қала әкімдігі 5 шағын аудан (Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы, Нұра) әкімдігінің өз құзіретіне қалдырған.

Десе де, әкімдіктер қаланы безендіруге бюджеттен қаржы бөлуден бас тартпаған.

Қысқы демалыс орындарын құру мен безендіруге бірінші кезекте барын салып отырған Есіл ауданы бюджеттен -  352 млн теңге бөлген. 

Екінші орында қаланы безендіруге қомақты қаржыны Нұра ауданы қарастырған. Аталған аудан қысқы мерекелердің сәнін келтіретін аймақ дайындауға әкімдік бюджетінен 150 млн теңге бағыттаған.

Одан кейінгі сатыда Сарыарқа ауданы осы бағыттағы жұмыстарды жүргізуге 146 млн теңге бөліп отыр.

Ал Алматы ауданы безендіруге - 105 млн теңге жұмсамақ.

Байқоңыр ауданы сырғанақ, мұз айдыны мен жаңа жылдық безендіру үшін - 83 млн теңге бөлген.

Елорданы безендіруге жалпы жиыны  - 836 млн (836 000 000) теңге жұмсалмақ.

Қысқы сырғанақтар мен мұз айдындары дайындалатын мекенжайларды мына жерден білуге болады.